Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Рсспубликасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 321 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Рсспубликасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 199-құжат; 2006 ж., № 18, 166-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы сәуірдің 24-і.

№ 321

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2007 жылғы 24 сәуірдегі

№ 321 Жарлығына

1-ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы 23 сәуірдегі

№ 1560 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасының Президенті

жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлікті дамыту және оны тиімді мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку