(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 Ж. 10 НАУРЫЗДАҒЫ №219 ҚАУЛЫСЫ
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік
рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 Қаулысы
(2006.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
| Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
№ 219 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.30.11. № 1176 қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2006.20.06. № 566 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды
регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесін
қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кәрім Қажымқанұлы орынбасары - Экономика және бюджеттік
Редакция документа
Демо – версия документа