(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 Ж. 10 НАУРЫЗДАҒЫ №219 ҚАУЛЫСЫ
“Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі комиссия құру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 219 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
| Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
№ 219 қаулысына
Қосымша
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды
регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру
жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөніндегі
комиссияның құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары, Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда
министрi, төраға
Редакция документа
Демо – версия документа