(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
«Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің
болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
«Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы»
2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы № 112 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 571 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана", № 33 басылымдарында 1998 жылғы 11-17 тамызда жарияланған);
Редакция документа
Демо – версия документа