Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

«Аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар,
арнайы емдік тағам рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікті жағдайда
берілетін халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы
23 желтоқсандағы № 637 Бұйрығы

 

Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" туралы Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары туралы" 2005 жылғы 4 наурыздағы өкімін іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Мыналар:

1) 1-қосымшаға сәйкес аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар, арнайы емдік тағам рецепт бойынша тегін 1,0 мөлшерінде өтеу коэффициентімен босатылатын аурулар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі;

2) 2-қосымшаға аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар, арнайы емдік тағам рецепт бойынша тегін 0,5 мөлшерінде өтеу коэффициентімен жеңілдікті дәрілік заттар босатылатын науқастар түрлерінің және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес тұрғындардың жекелеген санатын дәрілік қамтамасыз ету мониторингін өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Облыстық, Астана және Алматы департаменттерінің басшылары қосымша дәрілік заттармен қамтамасыз етуді осы бұйрықпен белгіленген азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен толық тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету жағдайында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып жүзеге асырсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку