Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағам рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікті жағдайда берілетін халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 659 Бұйрығы (күші жойылды)

«Аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағам рецепт
бойынша тегін немесе жеңілдікті жағдайда берілетін халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 659 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен күші жойылды

 

«Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағам рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікті жағдайда берілетін халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3998 тіркелген; 2005 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 (817) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.

Аурулар түрлерінің және амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағам рецепт бойынша тегін 1,0 мөлшерінде өтеу коэффициентімен босатылатын халықтың жекелеген санаттарының тізбесінде:

«Дәрілік заттардың атауы» бағанының «1 жасқа дейінгі балалардың аурулары (емдеуге жататын 2 айлық балаларды қоспағанда)» бағаншасында «Кальций глицерофосфат, 200 мг таблетка» деген сөздер «Колекальциферол, су ерітіндісі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Темір тұзы, бір компонентті және құрамдыкомпонентті препараттар» деген сөздер «бір компонентті және құрамды компонентті темір препараттары,» деген сөздермен ауыстырылсын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 бұйрығына 2-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку