(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1997 Ж. 28 ТАМЫЗДАҒЫ № 1298 ҚАУЛЫСЫ
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 Қаулысы
(2006.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келісілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiне жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органына жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4. "Төтенше жағдайларды болдырмау және олар кезіндегі iс-әрекеттер жөніндегі республикалық жүйе құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 25 маусымдағы № 395 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi
Үкіметінiң
1997 жылғы 28 тамыздағы
№ 1298 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік
жүйесi туралы
ЕРЕЖЕ
Редакция документа
Демо – версия документа