(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi
туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы
28 тамыздағы N 1298 Қаулысы
Осы редакция 2003 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4. "Төтенше жағдайларды болдырмау және олар кезiндегi iс-әрекеттер жөнiндегi республикалық жүйе құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 маусымдағы N 395 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298
қаулысымен бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және
жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiн, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн белгiлейдi.
Редакция документа
Демо – версия документа