(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.07.02 Ж. № 843 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат
құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі бекітілген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын барлық шетелдiк бұқаралық ақпарат құралын тиiсiнше есепке алуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi
№ 843 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк
бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) талаптарына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгi жай-күйiн дұрыс әрi уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - шетелдiк БАҚ-тар) есепке алу тәртібін белгiлейдi.
2. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
1) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат агенттіктерi қызметiн мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Редакция документа
Демо – версия документа