(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат
құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi бекiтiлген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын барлық шетелдiк бұқаралық ақпарат құралын тиiсiнше есепке алуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi
N 843 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк
бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу
ЕРЕЖЕСI
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Ереже "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) талаптарына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгi жай-күйiн дұрыс әрi уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - шетелдiк БАҚ-тар) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
1) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат агенттіктерi қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Демо – версия документа