Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 Қаулысы (2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі
құрамының кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 885 Қаулысы

(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 26 наурыздағы № 229 (бұр. ред. қара); 2007.29.05. № 432 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді  

1. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына:

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевты;

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Виктор Васильевич Супрунды сайлау ұсынылсын.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 20 қыркүйектегі

№ 885 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір

шешімдерінің тізбесi

 

1. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 232-құжат).

2. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1662 қаулысы.

3. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 582 қаулысы.

4. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1343 қаулысының 1-тармағы, 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтары.

5. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 787 қаулысы.

6. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1143 қаулысы.

7. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 933 қаулысы.

8. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1149 қаулысы.

9. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі № 229 қаулысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции