(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.20.09. № 885 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі
құрамының кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 885 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Асқар Болатұлы Баталовты;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Болат Әбілқасымұлы Палымбетовті сайлау ұсынылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 885 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 232-құжат).
Редакция документа
Демо – версия документа