(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.09.02 № 96 ҚАУЛЫСЫ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) олардың орындалуы жөнінде ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келісім бойынша) жыл сайын 10 шілдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 9 ақпандағы № 96
қаулысымен бекітілген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
2006 - 2008 жылдары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орында- луына жауаптылар | Орын- далу мер- зімі | Бол- жамды шығыс- тар | Қаржы-ланды- ру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқықтық базаны жетілдіру |
Редакция документа
Демо – версия документа