Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»

 

ҚР Президентінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1127 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңының 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) жыл сайын 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық талдамалы ақпарат ұсынсын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы желтоқсанның 23-і.

 

№ 1686

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 1686 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға

 арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

Мазмұны

 

1.   Бағдарламаның паспорты

2.   Кіріспе

3.   Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

4.   Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

5.   Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

5.1. Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету

5.2. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, әдістерін және құралдарын оңтайландыру

5.4. Азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку