(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 3 ШІЛДЕДЕГІ № 1006 ҚАУЛЫСЫ
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 3 шілдедегі № 1006 қаулысы
(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. № 1804 қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер өзгертілді
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Үкіметінің
2000 жылғы 3 шілдедегі
№ 1006 қаулысына
қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа