Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 4 желтоқсандағы № 1804 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 4 желтоқсандағы № 1804 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) тақырыптағы және мәтіндегі «қару-жарақ пен» деген сөздер «қару мен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесіндегі:

тақырыптағы «қару-жарақ пен» деген сөздер «қару мен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі»;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының     Премьер-Министрi    

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку