(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбір мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспаған, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысымен
бекітілген
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi
(қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың,
акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi
ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа