(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбір мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201
қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 20 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген, бақылануына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бiрлесiп, өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспаған, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистріД. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысымен
бекітілген
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi)
мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың,
акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi
Редакция документа
Демо – версия документа