Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 6 қаңтардағы

№ 25 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 45, 230-құжат):

көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы «Оқжетпес» санаторийі Көкшетау облысы, Бурабай поселкесі» деген жол алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Оқжетпес» санаторийі» АҚ».

3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік yлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен yлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Ақмола облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-9-жолмен толықтырылсын:

«13-9 «Оқжетпес» санаторийі АҚ»;

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-67, 21-68, 21-69-жолдармен толықтырылсын:

«21-67 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сақшы-На страже» ЖШС

21-68 «Өрт сөндіруші» АҚ

21-69 «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» ЖШС»;

«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-101-жолмен толықтырылсын:

«123-101 «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»;

«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-11-жолмен толықтырылсын:

«165-11 «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»;

«Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын:

«280-4 «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ».

4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік yлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-4-жолмен толықтырылсын:

«20-4 «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» ЖШС»;

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 217-9-жолмен толықтырылсын:

«217-9 АЛА-005430 «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ»;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-9-жолмен толықтырылсын:

«238-9 «Оқжетпес» санаторий» АҚ»;

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 266-5-жолмен толықтырылсын:

«266-6 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сақшы-На страже» ЖШС»;

«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 279-2, 279-3, 279-4-жолдармен толықтырылсын:

«279-2 «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ

279-3 «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ

279-4 «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» АҚ»;

мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетіне»

296 «Өрт сөндіруші» АҚ».

5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции