(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.06.01 № 25 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 25 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірлері 45, 46, 47-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 104-1-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті» деген бөлімдегі реттік нөмірі 109-23-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 461-5-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 466-5-жол алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 45, 230-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа