«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 175-197-қосымшалар) (үзінді) (2006.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 175-197-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылға 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
175, 176, 177, 177-1, 178, 179, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
175-қосымша
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына
бақылауды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 25999350 мың теңге (жиырма бес миллиард тоғыз жүз тоқсан тоғыз миллион үш жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 21, 373, 368, 397, 531-баптары; "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 13-бабы; "Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Қазынашылықты жаңарту жобасын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы № 1059 қаулысы; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киімі мен айырым белгілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы; "Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 850 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік бюджетті атқару, кедендік бақылау, бюджетке салықтарды түсіруді және басқа да міндетті түсімдерді түсіруді қамтамасыз ету саласындағы бақылау-қадағалау және фискалды функциялар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы және уақтылығы, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит саласында салааралық үйлестіру және әдістемелік басқару.
Республикалық бюджеттің тиімді атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, республикалық бюджет түсімдері мен қаржыландыруының жиынтық жоспарын қалыптастыру, республикалық бюджетті атқару барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу, бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жасау, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және меншік жөніндегі статистикалық есептілікті жасау, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруды және пайдалануды қамтамасыз ету, бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, бюджеттік және бухгалтерлік есепке алу мен бюджеттік жүйедегі есептілікті дамыту мен жетілдіру.
Мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге бақылауды қамтамасыз ету, салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін аудару, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өнімдерінің жекелеген турлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі атқару, есепке алуды және есептілікті жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетіндігіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында кеден ісін басқаруды жүзеге асыру, банкроттық рәсімдерді (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін өткізуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті және жекешелендіруді басқару жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін, министрлік ведомстволары корпоративтік телекоммуникациялық желілерінің жедел байланыс арналары арқылы деректерді қауіпсіз және сенімді жіберуді қамтамасыз ету және оларға министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарын қосу.
ҚР Үкіметінің 2006.22.11. № 470р қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 |
| Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратын ұстау - жыл бойы. Бекітілген тиістілік нормативіне сәйкес автокөлік құралдарын ұстау, жалға алу және жүкті тасымалдау үшін көлік құралдарын жалға алу. Нормативтік-құқықтық актілерді және өндірістік қызметке қажетті қызметтік сипаттағы басқа әдебиетті басып шығару және сатып алу жөніндегі қызметтерді сатып алу. Ақпараттық қызметтер- ді сатып алу, трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау жүргізу үшін пайдаланылатын ақпарат көздеріне жазылу - жыл бойы. «Жылдың үздік салық төлеушісі» акциясын өткізу жөніндегі іс-шара. Лицензиялар бланкілерін, қатаң есептілік бланкілерін басып шығару жөніндегі қызметтерді сатып алу - жыл бойы. Салық төлеушілердің республикалық мониторингіне жататын, салық төлеушілердің өңірлік мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесіне кіргізіл- ген ірі салық төлеу- шілерге, лицензиат- тарға және этил спирті мен алкоголь өнімдерін шығаруды жүзеге асыратын субъектілерге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетіндігін анықтау үшін салықтық тексеруді жүргізу - жыл бойы. Үкіметтік делегациялардың кездесуін, мерейтой, спорт және өзге де іс-шараларды өткізу - жыл бойы. Қаржы министрлігінің теңгеріміндегі негізгі құралдарға (активтерге) қызмет көрсету және ұстау - жыл бойы. Агенттердің жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеуге басқа да міндетті төлемдерді төлеуге қабылдаған қолма-қол ақшаны уақтылы және толық есепке алу - жыл бойы. Мыналар: халықаралық қаржылық есептілік стандарт- тарын мемлекеттік тілге аудару - ақпан -желтоқсан; халықаралық аудит стандарттарын ағылшын тілінен орыс тіліне аудару - ақпан-желтоқсан; халықаралық аудит стандарттарын орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару - наурыз-желтоқсан; бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік жөнінде кітапты басып шығару - наурыз-желтоқсан; статистикалық деректердің баспа басылымдарын шығару бойынша полиграфиялық жұмыстар жүргізу - жыл бойы; бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық материалдарды орналастыру - жыл бойы; Меммекемеге кассалық қызмет көрсету; баспа-полиграфиялық және баспа-бланкілі өнімдерді дайындау және жеткізу - жыл бойы; мөрлер мен мөртаңбалар дайындау жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу - жыл бойы; Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулары бар "Мемлекеттік сатып алу бюллетенін" басып шығару - жыл бойы. Нысанды киімді және ажырату белгілерін сатып алу - жыл бойы. Радиожеліні орналас- тыру үшін үй-жайды жалға алу - жыл бойы. Сыртқы сауда кеден статистикасының деректерін басып шығаруды ұйымдастыру. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу - жыл бойы. Баланста тұрған ғимараттарды ағымдағы жөндеу бойынша қызметтерді сатып алу - жыл бойы. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қаржы Минис- трлігі |
3 |
| 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Штат санының бекітілген лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшеле- рін және органдарын ұстау - жыл бойы. Бекітілген тиістілік нормативіне сәйкес автокөлік құралдарын ұстау, жалдау, ғимараттарды ағымдағы жөндеу. "Заңгер" анықтамалық ақпараттық жүйесінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу - жыл бойы. Салық төлеушілердің республикалық мониторингіне жататын, салық төлеушілердің өңірлік мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесіне кіргізілген ірі салық төлеушілер- ге, басқа да салық төлеушілерге салықтық тексеру жүргізу - жыл бойы. Энергия ресурс- тары санауыштарының көрсеткіштерін есепке алу үшін ел аумағынан тысқары іссапарлар - жыл бойы. Өздігінен көшіретін қағазда кедендік қатаң есептілік бланкілерін шығару жөніндегі қызметтердi сатып алу - жыл бойы. Қызметтік үй-жайларды жалдау - жыл бойы. Су түбінде жүргізілетін жұмыс- тарға ақы төлеу - жыл бойы. Жедел іздестіру іс-шарала- рын өткізу - жыл бойы. Аумақтық органдарға ғимараттар сатып алу. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
4 |
| 007 | Мемлекеттік қызметші- лердің біліктілі- гін арттыру | Бекітілген кестеге сәйкес Қаржы министрлігі жүйесі органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша, соның ішінде мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бойынша көрсетілетін қыз- меттерді сатып алу. Астана қаласы мен өңірлерде оқыту семинарларын, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, жеке бағыттар бойынша және кәсіби қосымша білім алудың басқа нысандары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу - жыл бойы. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
5 |
| 008 | Мемлекеттік органдардың ғимарат- тарын, үй- жайлары мен құры- лыстарын күрделі жөндеу | Қазақстан Республи- касы Қаржы министрлі- гінің, оның ішінде: Орталық аппаратының балансындағы; Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық органдарының; Қазынашылық комитеті аумақтық органдарының; Салық комитеті аумақты органдарының; Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық органдарының; кедендік бақылау департаменттерінің және кедендердің, кеден бекеттерінің және кедендік инфра- құрылым объектілері- нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу - жыл бойы. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
6 |
| 009 | Мемлекеттік органдарды материал- дық-техни- калық жарақтан- дыру | Мыналарды: көшірме аппараттарды, факсималдық аппараттарды, сейфтерді, ауа баптағыштарды, жиһаздарды, оның ішінде: басшылар үшін, қызметкерлер үшін түптеу аппараттарын, шағын АТС-ті, жылыту қазандарын, металл шкафтарын, дизель- генераторларын, жылу энергиясын есепке алу санауыштарын, көпфункционалды жабдықтарды, құны 40 АЕК артық басқа негізгі құралдарды, стеллаждарды, сканерлерді сатып алу - ақпан-қазан. Мыналарды: жүк авто-көлігін сканерлеу үшін қондырғыларды және қарауға дейінгі ғимараттарды, рентген аппараттарын, кеден- дік бақылаудың порта- тивтік техникалық құралдарын, бекітетін пломбылайтын қондыр- ғыларды, "SABRE- 2000" үшін қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын, УКВ ретрансляторларын, портативтік радио- стансаларды, ІР телефония функциялары бар шағын АТС, радиотелефондарды, дыбыс-бейне құжаттандыру және ақпаратты бақылау техникалық құралда- рын, тауарларды жеткізудің автоматтандырылған жүйесін, радиология- лық бақылау жабдығын, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану жөнінде нормативтік-құқықтық актілерді, мерзімдi басылымдарды, құрал- дарды және бейне- фильмдер сатып алу және құрастыру, негізгі жабдыққа, ұйымдастыру техника- сына, жиһазға, қосалқы жабдыққа, жұмыс уақытын бақылау және есепке алу жүйесіне, құны кемінде 40 есе айлық есеп айырысу көрсеткішінің тауарлы-материалдық құндылықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жабдықтау және энергоресурстарды есепке алуды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру жөнін- дегі жұмыстарды, зертханалық құралдар мен жабдықтарды сатып алу - жыл бойы. | ақпан- жел- тоқсан | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
7 |
| 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету
| Кластер жүйесіне техникалық қызмет көрсету; кластер жүйесін әкімшілендіру жөніндегі қызметтер; толық қол жеткізе отырып Oracle Аррlications лицензияларын техникалық қолдау; кастомизацияны сүйемелдеу, Oracle Аррlications жаңа нұсқасына өтуді талдау, ҚБАЖ-дың банктік интерфейсін сүйемелдеу; шлюз терминалын сүйемелдеу. Мемлекеттік меншік тізілімін жүргізу жөніндегі көрсеті- летін қызметтер - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесі мен міндеттерін сүйемелдеу - жыл бойы. Есептеу техникасына техникалық және жүйелік қызмет көрсету - жыл бойы. Министрліктің орталық аппараты мен оның ведомство- лары серверлік бөлмелерінің өрт сөндіру жүйесіне техникалық қызмет көрсету - жыл бойы. Министрліктің орталық аппараты мен оның ведомство- лары серверлік бөлмелерінің ауа баптау жүйесіне техникалық қызмет көрсету - жыл бойы. Министрліктің корпоративтік есептеу желісін әкімшілен- діру жөніндегi қызметтер (құрылым- данған кәбіл желіле- рін, жылдам байланыс арналарын, ақпараттық жүйе серверлерін, министрліктің, оның ведомстволары мен аумақты бөлімшелері- нің ақпаратттық ресурстарды қорғау жүйесін әкімші- лендіру) - жыл бойы. Министрліктің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімше- лерінің есептеу) техникасының құралдары үшін жиынтықты, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алу - маусым-тамыз. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық құралдарын техникалық қолдау - жыл бойы. Ақпараттық жүйелер- дің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді алу - қыркүйек-қараша. Министрліктің корпоративтік телекоммуникациялық желісінің жылдам байланыс арналары арқылы деректерді беру көрсетілетін қызметтерді алу және оған министрлік ведомстволарының аумақтық бөлімшелерін қосу - жыл бойы. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есеп айырысулар орталығы" РМК резерв орталығымен жедел байланыс арналарын ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер алу және олар арқылы деректерді беру - жыл бойы. Интернет және VPD№ желілеріне қол жеткізу қызметтерін алу - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдары- ның Салық комитеті үшін деректерді беру қызметін ұсыну, жабдықты жоспарлы ауыстыру, жер үсті арналарына жер серігі байланыс арналарын ауыстыру, деректерді беру ведомстволық желісінің арналарын кеңейту - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесі", "Салықтық есептіліктің электронды нысандары", "Төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың кірістерін есепке алу", "ҚҚС төлеуші- лерін тіркеу. ҚҚС көшіріп алынған шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесі", "Ірі кәсіпорындардың (салық төлеушілердің) электронды мониторингі", "Кепілдік берілген хабарламаны жеткізу жүйесі", "Салық органдарының ақпаратын қорғау жүйесі", "Қазақстан Республикасының салық төлеушілері мен салық салу объектілерінің тізілімі", "Акцизді өнімдер айналымын және өндірісін бақылау", "Салық төлеу қабілетсіздігі және банкроттық", "SAS технологиясы негізінде деректердi кешенді көп өлшемді талдау", "Салық заңнамасын түсіндіру және салық төлеуші- лерге қызмет көрсету жөніндегі мультимедия байланысының жүйесі", "Арақашықтықтағы оқыту орталығы", "Ведомстволық кадрлар" ақпараттық жүйелерін, салық органдарының бухгалтерлік жүйелерін сүйемелдеу - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдары Салық комитетінің RISC-серверлерін техникалық қолдау (кепілдік бергеннен кейінгі қызмет көрсету) - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары серверлік үй-жайларының өрт сөндіру, ауа баптау, кепілдік берілген электрмен қамтамасыз ету жүйелерін (кепілдік бергеннен кейін қызмет көрсету) техникалық қолдау - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның аумақтық органдары Салық комитетінің және оның аумақтық органдарының бағдарламалық-аппа- раттық құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету және ақпараттық жүйелерін әкімшілендіру - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне және оның аумақтық органдарына қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алу - маусым-тамыз. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің жүйелік-техникалық қолдау жөніндегі қызметтер - жыл бойы. Кедендік бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының Республикалық деректермен алмасу байланыс желісінің арналары бойынша деректерді беру жөніндегі қызметтердi алу, канал түзетін жабдықтарды ауыстыру және олардың қосымша қондырғылары, байланыс каналдарын кеңейту, жер серігі байланыс каналдарын жердегі байланыс каналдарына ауыстыру. Дүниежүзілік кедендік ұйымдардың Үйлестірілген жүйесі жөніндегі комитеттің деректер қорына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Компьютерлік, коммуникациялық және желілік жабдықтарға техникалық және жүйелік қызмет көрсету. Республикалық желіге әкімшілік жүргізуді Кедендік бақылау комитетінің деректе- рімен алмасуды қамтамасыз ету (орталық аппараттың жергілікті есептеу желісін, деректер базасының және пошта қызметінің серверлерін, ақпарат- тық ресурстарды қорғау жүйесін әкімшілендіру, СУБД Informix-ті әкімшілендіру) - жыл бойы. Кедендік қызметтің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу, Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына сәйкес КААЖ қолдан- балы бағдарламалық қамтамасыз ету модульдерін пысықтау және жаңғырту. Кедендік бақылау комитетінің веб-сайтын сүйемелдеу және дамыту - жыл бойы. Кедендік бақылау комитетінің есептеу техникасының құралдарын шығыс материалдарымен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету - жыл бойы. "Электрондық мемлекеттік сатып алулар" автоматтанды- рылған біріктірілген ақпараттық жүйесін, мемлекеттік сатып алулар веб-сайтын сүйемелдеу, мемлекет- тік сатып алулар субъектілері тізілі- мін енгізу - жыл бойы. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
8 |
| 101 | Кинология орталығы | Кинологиялық орталықты штат санының лимитіне сәйкес ұстау. Кеден органдарының кинологтарын оқыту, ұстау - жыл бойы. Асыл тұқымды иттерді сатып алу және оларды құрғақ азықпен, ветеринарлық және медициналық препарат- тармен, жабдықтармен, жарылғыш және есірткi заттарын алмастырғыш- тармен қамтамасыз ету - қаңтар-сәуір. Компьютерлерді, өрт сорғышын, газон шапқыш-шағын тракторды, ауа баптағышты, бейне бақылаудың компьютер- лік жүйесін сатып алу - қаңтар-сәуір. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
9 |
| 102 | Кедендік сараптама жүргізу | Зертханаларды аккре- диттеу бойынша жұмыстар жүргізу. Зертханаларды аккредиттеу бойынша консалтингтік қызметтер - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне аспаптар мен жабдықтарды енгізу - жыл бойы. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне мемлекет- тік стандарттық үлгілерді енгізу - жыл бойы. Өлшеу құралдарының аспаптары мен жабдықтарын тексеру - жыл бойы. Зертханалық жабдықты, шығыс материалдарын, зертханалық аспапқа қосалқы бөлшектердi сатып алу - қаңтар-сәуір. Ғылыми-техникалық әдебиеттерді сатып алу - жыл бойы. Ғылыми-техникалық мерзімді басылымға жазылу - қаңтар-сәуір. Мыналарды: - көмекші жабдықты және аспаптарды, сынақ дайындығына арналған жабдық, химиялық ыдыс; - органолептикалық талдау мен азық-түлік тауарлары үшін ыдыстар мен көмекші құрылғылар; - еңбекті қорғау құралдары; - зертханалық қосымша бөлшектер, химиялық реактивтер, стандарттық үлгілер; - цифрлы бейнекамералар; - цифрлы фотоаппарат сатып алу - жыл бойы. Сумен жабдықтау, кәріз, электр жүйесін, желдеткіш- сорғыш жүйесін ағымдағы жөндеу - сәуір-маусым. Прекурсорларды, химикаттарды, радиоактивті, есірткі заттарын, оқу сыныптарын сақтау мен пайдалануға арналған арнайы зертханалық жайларды ағымдағы жөндеу - жыл бойы. Зертхана кабинеттерін электрмен жабдықтау жүйесін жөндеу және ішінара ауыстыру, зертханалық аспаптар мен жабдықтардың электркүші тоғын жерге қосу - сәуір-маусым. Зертхана жабдығын монтаждау, бөлшектеу - жыл бойы. Зертханалық жабдықтар мен аспаптардың бағдарламалық қамсыздандыруын сүйемелдеу - жыл бойы. Зертхана зерттеу- лерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі мен әдістерін әзірлеу және жаңғырту - жыл бойы. Қазіргі заманғы сараптама әдістері бойынша брошюралар мен әдістемеліктер шығару жөнінде баспа- ханалық қызметтер - жыл бойы. Иондаушы сәулелену көздерін көму - жыл бойы. Оқу-әдістемелік зертханалық сыныптарды безендіру мен жарақтандыру - жыл бойы. Азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларды, мұнай өнімдерін, авто көлікті зерттеу әдістері бойынша Орталық кедендік зертханамен аумақтық кедендік органдардың кедендік сараптама мен ақпарат алмасу жөніндегі деректер банкін жасау және жаңарту - жыл бойы. Кітапханалық қорлардың ғылыми- техникалық ақпараттар, стандарттар мен МЕМСТтар беру жөніндегі қызмет- теріне ақы төлеу - жыл бойы. Сараптама жүргізу, сынамалар іріктеу, кедендік тексеру жөнінде оқу бейне фильмдерін дайындау - жыл бойы. Қазақстан Республикасының Мемстандарт органдарында және басқа да маманданды- рылған зерттеу мекемелерінде зерттеудің ерекше түрлерін өткізуге рұқсаттар мен лицензиялар, маман- дардың аттестаттарын алу үшін сарапшыларды оқыту және тағылым- дардан өткізу, біліктілігін арттыру - жыл бойы. Прекурсорлармен жұмыс істеуге арналған лицензиялар, сертификаттар алу - жыл бойы. ҒЗИ және басқа да зертханалардағы шарт негізінде зерттеулердi орындау және ақпараттар алу - жыл бойы. Химикаттарды, мұнай өнімдерін, прекурсорларды, ион сәулесін шығаратын көздерді, улы зиянды және жарылыс қаупі бар реагенттердi тасымалдауға арналған арнайы машинаны сатып алу - жыл бойы. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |
10 |
| 103 | Оқу-әдісте- мелік орталық | Штат саны лимитіне сәйкес Оқу-әдістемелік орталықтарды ұстау - жыл бойы. Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру - жыл бойы. | Жыл бой- ында | Қазақ- стан Респуб-ликасы Қаржы Минис- трлігі |