Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 470р Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 470р Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулыға 175-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

реттік нөмірі 2-жолдың төртінші абзацы «ақпарат көздеріне жазылу - жыл бойы.» деген сөздерден кейін «Жылдың үздік салық төлеушісі» акциясын өткізу жөніндегі іс-шара.» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 3-жолдың соңғы абзацы «Аумақтық органдарға ғимараттар сатып алу.» деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулыға 188-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны «Жылу сорғыларын сатып алу, жеткізу және орнату.» деген сөздермен толықтырылсын;

«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың түпкі нәтижесінде «технологиялық жабдықтарының» деген сөздерден кейін «, оның ішінде кростық үй-жайлардың» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку