Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 ж. 25 сәуірдегі № 179 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 29.12.00 ж. № 488; 18.01.02 ж. № 20;
31.01.03 ж. № 20; 27.10.03 ж. № 372; 24.01.04 ж. № 13;
2004.13.11. № 150 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бірлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку