«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 95 Қаулысы (2016.28.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 95 Қаулысы
(2016.28.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен күші жойылды
Ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарын ресімдеу және ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.01. № 30 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 439(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1711 тіркелген) және 2003 жылғы 4 шілдедегі № 204 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2445 тіркелген) қаулыларымен бекітілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
Документ утратил силу
Демо – версия документа