Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.14.04. № 352 ҚАУЛЫСЫ

"2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту"
мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 Қаулысы

 

Осы редакция 2005 ж. 3 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінiң "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамытудың" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - іс-шаралар жоспары) бекітілсiн.

2. Орталық атқарушы органдар:

1) іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 шiлдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын 25 шілдеге және 25 қаңтарға берудi қамтамасыз етсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

                                         Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінiң

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку