Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы (2009.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында

ғарыш қызметiн дамыту туралы

(2009.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетiн ғарыш қызметiнiң басым бағыттарына шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздігі мiндеттерiн шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР Президентінің 2009.18.06. № 829 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) ҚР Президентінің 2009.18.06. № 829 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын жоюға қойсын;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Қазғарыш" ҰК" АҚ) құрсын;

4) "Қазғарыш" ҰК" АҚ қызметiнiң негізгi бағыттарын: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдық, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру; ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу; халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану; ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу деп айқындасын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции