«Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 Қаулысы (2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
“Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау
мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 Қаулысы
(2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырғандар бекiтілсiн:
1) «Металлургия» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
2) «Көлiктiк логистика» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
3) «Тоқыма өнеркәсiбi» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегі жоспар;
4) «Құрылыс материалдары» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
5) «Тамақ өнеркәсiбi» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
6) «Туризм» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегі жоспар;
7) «Мұнай-газ машиналарын жасау» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар.
2. Мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жоспарлардың тиiстi және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жарты жылда бір рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жоспарлардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
1) жарты жылда бір рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспарлардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн;
2) «Экономиканың басым секторларын кластерлiк дамыту жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 44-ө өкіміне сәйкес құрылған салалық жұмыс топтарынан келiп түскен талдау материалдарын қорытуды және оларды электронды бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
?кіметінің
2005 жылғы 26 маусымдағы
№ 633 қаулысымен
бекiтілген
«Металлургия» пилоттық кластерiн жасау
мен дамыту жөніндегі жоспар
Дамыған тау-кен-металлургия кешенiнiң болуы Қазақстан экономикасының серпiндi дамуын айқындайтын факторлардың бірi болып табылады. Бұл ретте, шығарылатын қара және түстi металлургияның айтарлықтай үлесi Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсiпорындарға келедi.
"Миттал Стил Теміртау" АҚ және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС iрi компаниялары осы сектордың негiзгi шаруашылық жүргiзуші субъектiлерi болып табылады. Осы кәсiпорындардың маңында олардың қызметi үшін қажеттi жабдық пен материалдарды жеткізушiлердiң 300-ден астамы, оның iшiнде, болат прокатын, шойынды, ақ қаңылтырды, катодтық мысты, мысты созбасым мен сымды өңдеуге маманданған машина жасау мен металлургияның 30-дан астам кәсiпорындары шоғырланған.
М.Портердiң кластерлер теориясы халықаралық ауқымдағы неғұрлым бәсекеге қабілеттi бір саланың фирмалары әдетте бір өңiрде жинақталғандығына негiзделген, ал өз маңына неғұрлым бәсекеге қабiлетті компаниялармен таралатын және осы компаниялардың берушiлерiн, тұтынушыларын және бәсекелестерiн қозғайтын инновациялардың толқынды табиғатымен байланысты.
Бұл көзқарас тұрғысынан, Қарағанды облысы металл өңдеу жөніндегi кластерге кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін барынша дайындалған, өйткенi мұнда олардың арасындағы ынтымақтастық ғана емес, өз кезегінде, өнiмнiң сапасын арттыруға алып келетiн бәсекелестiктің қажетті деңгейiн қамтамасыз ететiн жеткілiкті қайта өңдеуші кәсiпорындар топтастырылған.
Осы жоспарда ұсынылған iс-шаралар металлургиядағы 4-5 қайта бөлiнiсi өнiмi экспортының өсуiн ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы секторына iрi металлургиялық корпорациялармен бірге кооперация қағидаттарында шағын және орта кәсiпорындардың мүмкiндігiнше үлкен санын тартуға бағытталған.
P/c N | Iс-шара | Аяқталу нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындалу мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Жалпы жүйелiк шаралар | ||||
1 | Металл өңдеу кәсiпорын- дарының негізгі құрал- дарын, сондай-ақ ме- таллургияның 3, 4, 5 қайта бөлiнiстерiнiң өндiрістерiн жаңартудың (амортизация) қолайлы жағдайын жасау мақса- тында салық заңнамасына өзгерiс енгізу жөнiнде- гi ұсыныстарды белгi- ленген тәртіппен жи- науды, қорытуды және енгізудi қамтамасыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ, ЭБЖМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
2 | Қоршаған ортаны ласта- ғаны үшiн шаруашылық жүргізушi субъектілер- дiң жауапкершiлігін арттыру мақсатында: а) айып санкцияларын ұлғайту; б) шикізатты кешенді қайта өңдеуді арттыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі эко- логиялық талаптарды орындау, оның ішінде, қазіргі бар заңнаманың өзгерістері, одан кейінгі қайта өңдеулер мен басқалары үшін жинақталған өндірістік қалдықтарды беру (өт- кізу) есебінен метал- лургиялық кәсіпорындар- дың қалдықтарын кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ынталандыру жөніндегі шараларды қабылдау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | Қоршаған- ортаминi, ИСМ, ЭБЖМ, облыс әкiмдiктерi | 2006 жылғы 1-тоқсан |
3 | "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республика- сының Заңын iске асыру- дың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Рес- публикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекi- тiлген инвестициялық преференциялар берiле- тiн қызметтің кiшi түр- лерінiң жiктеуiштерiнiң деңгейіндегі тiзбеге экономикалық қызметтің басым түрлерiнiң метал- лургиядағы 3, 4, 5 қайта бөлiнiс өнiмiн өндiру бойынша қызмет түрлерiн енгізу мүмкiндiгiн қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, ЭБЖМ, Қаржыминi | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
4 | Металлургия және металл өңдеу кәсiпорындарының негiзгi қорларын жаңар- туды ынталандыру мақса- тында "Салық және бюд- жетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Рес- публикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодек- сiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен тө- ленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақ- стан Республикасы Үкi- метiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулы- сына сәйкес импорттала- тын жабдықтардың тiзбе- сiне Қазақстан аумағын- да өндiрiлмейтiн жаб- дықтың тиiсті түрлерiн енгізу жөніндегі ұсы- ныстарды белгiленген тәртіппен жинауды, қорытуды және енгізудi қамтамасыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ, ЭБЖМ | 2005 жылғы 4-тоқсан |
5 | Тау-кен-металлургия кешенi мен машина жасау кәсiпорындарының қажет- тілiктерiн ескере оты- рып, инженерлiк кадр- лардағы кластер кәсiп- орындарының қажеттілік- терiне талдау жүргiзу, оның нәтижесi бойынша елдегі және шетелдегі ЖОО-да тиiстi техника- лық мамандықтар бойынша оқытуға гранттарға кво- таларды бөлу жөніндегі ұсыныстарды жыл сайын енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ИСМ, облыс әкімдік- тері, БҒМ, ҮК | Жыл сайын |
6 | Түсті және қара метал- дардың жаңа кен орында- рын анықтау мақсатында қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жыл сайынғы бюджеттік қар- жыландырудағы қажетті- ліктерiн айқындау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ, ЭБЖМ | Жыл сайын |
7 | Iрi металлургиялық өндiрiстердi құруға қолдау көрсету мақса- тында ҚИҚ және басқа даму институттары арқы- лы мемлекеттің қатысуы үшiн ұсынылған страте- гиялық маңызды инвес- тициялық жобалардың тiзбесiн дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, ДИ (келісім бойынша), облыс әкiмдiктерi | 2005 жылғы 4-тоқсан |
8 | Талдау жүргiзу және оның нәтижелерi бойын- ша қызметкерлердi өндi- рiсiшiлiк оқыту жүйесi үшiн лицензиялар мен сертификаттар берудi оңайлату туралы ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | БҒМ | 2005 жылғы 4-тоқсан |
2. Қарағанды облысында «Металлургия-Металл өңдеу» кластерiн құру және дамыту жөніндегі iс-шаралар | ||||
9 | Қарағанды облысында "Металлургия" кластерi- нiң үйлестiру кеңесін құру | ИСМ-ге ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі, МТЗО (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-тоқсан |
10 | Iрi, шағын және орта бизнестің (кластерге қатысушылар, жақын маңдағы өңiрлердiң өкiлдерi және т.б) қатысуымен негізгi проблемалық мәселелер- дiң топтары бойынша Қарағанды қаласында кластерлiк конференция өткізу | ИСМ-ге ақпарат | МТЗО (келісім бойынша), Қарағанды облысының әкiмдiгі | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
11 | Республиканың басқа өңiрлерiнде кластерлер- ге әлеуетті қатысушы- лармен келiссөздер жүргізу | ИСМ-ге ақпарат | облыс әкiмдiктері | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
12 | Кооперация жолдарын, ынтымақтастық мүмкiн- дiктерiн анықтау үшiн кластерге қатысушы кә- сiпкерлердiң МСТ және ҚМК кәсiпорындарымен кездесулерiн өткізу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі, ИСМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
13 | Кластердi дамыту және металлургия мен машина жасау салаларының бәсе- кеге қабiлеттілiгін арттыру мақсатында МСТ және ҚМК аутсорсинг бағдарламасын әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ, Қарағанды облысының әкiмдiгі | 2005 жылғы 4-тоқсан |
14 | Мынадай: а) iшкi рынокқа метал- лургия өнiмiн беру ке- зіндегі баға саясаты; б) iрi кәсiпорындардың жергілiкті тауар өндi- рушілер беретiн өнiмi үшiн уақтылы ақы төлеу; в) отандық тауар өн- дiрушілердiң өнiмiн босатудың басымдығы бөлігінде отандық та- уар өндiрушiлерге қа- тысты MCT және ҚМК та- рабынан кемсiтушiлiкке жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ, Қаржымині, Қарағанды облысының әкiмдiгі | 2005 жылғы 3-тоқсан |
15 | Қарағанды облысындағы "Металлургия - Металл өңдеу" кластерiнiң үйлестіру кеңесi шеңбе- рiнде ВЕБ парақшаны құру | ИСМ-ге ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі | 2005 жылғы 4-тоқсан |
16 | Тау-кен металлургия ке- шенi кәсiпорындарының технологиялық жай-күйi- не талдау жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | ИСМ | 2006 жылғы 1-тоқсан |
17 | Мына инвест жобаларды iске асырудың монито- рингін жүзеге асыру: а) MCT - сұрыпты про- кат зауытын салу және автомобиль қаңылтырын шығару; б) ҚМК - мырыш ұнтағын шығару | ИСМ-ге ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі | 2007 жылдан бастап |
18 | Жер учаскесiн бөле оты- рып, Қарағанды облысында "Металлургия-металл өңдеу" индустриялық паркін құру және оны коммуникация желіле- рiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн қарау | ИСМ-ге ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі, ҮК | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
19 | Мына материалдық-тех- никалық базаны жаңар- туды, ғимараттарды жөндеудi қаржыланды- руды қамтамасыз ету: № 9 КTM (Жезқазған); № 15 КTM (Қарағанды); № 13 КТМ (Теміртау); № 3 КТМ (Сәтпаев); № 4 КТЛ (Балқаш) | ИСМ-ге ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі, БҒМ | 2005 жылғы 4-тоқсан, 2006 жылғы 2-тоқсан |
20 | Қарағанды облысындағы металлургия, металл өңдеу және машина жасау саласы кәсiпкерлерiнiң субъектiлерi үшiн ке- мiнде 100 басқарушы ме- неджерлердiң біліктi- лігін арттыру жөніндегі оқу курстарын өткізу | ИСМ-ге ақпарат | ШКДҚ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
21 | Осы кәсiпорындарда оларды кейiннен мүмкiн- дiгінше еңбекке орна- ластыра отырып, тау кен- металлургия кешенінiң iрi кәсiпорындарында ЖОО студенттерiнiң, кә- сiптік техникалық оқу орындары оқушыларының өндiрiстік практикадан өтуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсiпорындар- да өндiрiстік практика- дан өту кезiнде сту- денттердiң еңбекақысын төлеу шарттары бойынша ұсыныстар дайындау | ИСМ-ге есеп | Қарағанды облысының әкiмдiгі, ҮК | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
22 | Кластерге қатысушылар- ды басқару мен сапаның халықаралық стандартта- рына көшiрудi жеделдету | ИСМ-ге ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі | Тұрақты |
23 | Кластерге қатысушылар шығаратын өнiмдi талдау үшін бірыңғай сертифи- каттау орталығын құру | ИСМ-ге ақпарат | Қарағанды облысының әкiмдiгі, Қарағанды өңірлік технопаркі | 2006 жылғы 2-3- тоқсан |
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖОО - жоғарғы оқу орны
ДИ - даму институттары
ҚМК -"Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершiлігі шектеулi серiктестігі
YК - Қарағанды облысындағы "Металлургия" кластерiнiң үйлестiру кеңесi
ИСМ - Индустрия және сауда министрлiгі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігi
Қоршағанортамині - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
MCT - "Миттал Стил Теміртау" акционерлік қоғамы
Қаржыминi - Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
КТЛ - Кәсiптік-техникалық лицей
КТМ - Кәсiптiк-техникалық мектеп
ШКДҚ - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы
МТЗО - "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы
?кіметінің
2005 жылғы 26 маусымдағы
№ 633 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2006.22.06. № 572 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
"Көліктік логистика" пилоттық кластерiн
жасау мен дамыту жөніндегі жоспар
Қазақстанның экономикалық және географиялық ерекшелiктерi (кең ауқымды аумақ және халықтың тығыздығы төмен, минералдық ресурстар қорларының және елдiң әртүрлi бөлiктеріндегі оларды өндiру орталықтары, ресурстарды өңдеудiң төменгi деңгейi және шикiзатты әкетудiң бағдарлылығы) оның экономикасын көлiк жүйесiне жоғары тәуелдiлiкке негiздей отырып, әлемдегі мейлiнше әлеуеттілердiң бірiне айналдырады.
Осыған орай, Қазақстанның кластерлiк бастамасы, нақты нәтижелерге қол жеткізуде экономикалық түрлендiрудiң нақты иiнтiрегi болуы тиiс, ол мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының күш-жiгерiн, бизнестi және қоғамды толық көлемде шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.
Көлiк-логистикалық кластердiң миссиясы - тасымалдауда және транзиттiк тасымалдау әлемдiк рыногындағы сәттi бәсекелiстікте Қазақстанның экономикасы мен халқының баламалы талаптарына көлiк кешенiнің даму және қызмет деңгейiне қол жеткізудi қамтамасыз ету.
Көлiк-логистикалық қызметтер кластердiң ерекшелiгiне қарай оны оқшаулау аумақтық-функционалдық сипатқа ие және оның өз ерекшелiгi бар: бірiншiден, кластердiң шешушi буыны, ядросы жеткізу бағыттары, жүк ағымдарының жолын кесетiн және тудыратын iрi тораптар болып табылады; екiншiден, кластердiң қолданысы көлiк-логистикалық және қосалқы қызметтер көрсететiн кәсiпорын орналасқан барлық аумаққа таралады.
Жоғарыда жазылғандарға сүйенiп, бірiншi кезеңде екi пилоттық жобаны iске асыру көзделедi: Алматы қаласында көлiк-логистикалық орталықты ұйымдастыру және "NELTI" Жаңа Еуразиялық Көлiк Бастамасы.
Бiрiншi жоба ең жұмысы қиын қазақстандық көлiк торабы - Алматы қаласында терминалдық парк тапшылығы мәселесiн ең жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдану арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн көлiк-логистикалық орталық құру жолымен шешетiн болады.
Екiншi жоба Қазақстанның Халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы көлiктiк әлеуетiн Пекин - Бахты - Берлин бағыты бойынша "жасыл" көлiк дәлiзiн ұйымдастыру арқылы дамытуға бағытталған.
P/c N | Iс-шара | Аяқталу нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындалу мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Жалпы жүйелiк шаралар | ||||
1 | Даму жоспарларында оң- тайлы темір жол желiле- рiн қалыптастырудың қажеттілiгiн, оның iшiнде жаңа темір жол желісін салуды ескеру: а) Бейнеу - Сексеуiл; б) Шар - Өскемен; в) Достық - Ақтоғай, г) Ақтау - Баутино | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚТЖ (келісім бойынша), ҚДБ (келісім бойынша), ҚИҚ (келісім бойынша), ҚМГ (келісім бойынша) | 2005-2010 жылдар 2005-2008 жылдар 2006-2011 жылдар 2005-2009 жылдар |
2 | Халықаралық темір жол дәлiздерiн халықаралық стандарттардың талап- тарына сәйкес келтiру және өткізу қабiлеттi- лiгiн ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру оның iшiнде: а) Қостанай - Золотая Сопка учаскесi бойынша жүк поездарының қоз- ғалысын ұйымдастыру; б) Ақтау - Бейнеу - Мақат - Ақсарай - Қандыағаш темір жол желісін жаңғырту; в) Достық станциясын және Ақтоғай - Достық учаскесiн дамыту | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККM, Қаржыминi, ҚТЖ (келісім бойынша) | 2006 жыл 2008 жыл 2010 жыл |
3 | Әзiрленетiн жол саласын дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағ- дарламасында жүктемесi көп және отандық тасы- малдаушылар талап ете- тiн мынадай бағыттар бойынша автомобиль жолдарының учаскелерiн қайта жаңарту және дамыту қажеттілігiн ескеру: а) Ташкент - Шымкент - Тараз - Бiшкек - Алматы - Қорғас; б) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара; в) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл, г) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркiменстан шекарасы; д) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай; e) Астана - Қостанай - Челябi; ж) Астана - Павлодар - Семей; з) Таскескен - Бахты - ҚХР шекарасы; и) Алматы - Аягөз - Георгиевка; к) Үшарал - Достық - ҚХР шекарасы | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2005-2010 жылдар |
4 | Автомобиль жолдары желісін оңтайландыру жөнiнде зерттеулер жүргiзу, соның iшiнде мынадай бағыттар бо- йынша жаңа автожолдар салу орындылығын қарау: а) Бейнеу - Арал; б) Ырғыз - Торғай - Державинск - Астана | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2006 жыл |
5 | Халықаралық стандарт- тарға сәйкес және клас- терлер жасау тәжiрибе- сiн ескерiп, негізгі халықаралық транзиттік дәлiздерде жол бойғы инфрақұрылым объектіле- рiн дамытуды қамтамасыз ету | ККМ-ге есеп | облыс әкімдіктері | 2006-2008 жылдар |
6 | Автомобиль жолдары же- лiсiнiң жай-күйi және жол бойғы сервис объек- тiлерiнiң болуы туралы тұрақты түрде жаңар- тылып тұратын ақпараты бар веб-сайт жасау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ККМ, облыс әкімдіктері | 2006 жылғы 3-тоқсан |
7 | Контейнерлiк және интермультимодальдық тасымалдардың дамуын жетілдiру, оның iшiнде: а) жүк тасымалдарын контейнерлеу бағдарла- масын әзiрлеу; б) су көлiгiнде жүк тасымалын контейнерлеу және порттарда контей- нерлiк алаңдар жасау мүмкiндігін қарастыру; в) 1000 темір жол плат- формаларын контейнерлер тасымалы үшiн қайта жабдықтау жөнiнде шаралар қабылдау; г) контейнерлердi бір тәулiк iшiнде өңдеудi қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізу жөнiнде шаралар қабылдау; д) жүк тасымалдарын, контейнерлiк тасымалдар инфрақұрылымын иннова- циялық дамытуды қамта- масыз ету, танк-контей- нерлердi (сұйытылған газды және басқаларды тасымалдау, үшiн), су- сымалы жүктердi (бидай және басқаларды) тасы- малдау үшiн балк-кон- тейнерлердi, арнайы контейнерлерді (түйiр күкiрттi және басқалар- ды) қолданып тасымал- дауды, контейнерлiк тасымалдарды, коноса- ментті енгізу үшiн жағдайларды зерделеу және жасау; e) контейнерлiк тасы- малдар бойынша қазақ- стан-қытай кәсiпорнын құру жөнiндегі мәсе- ленi пысықтау; ж) N.E.W - corridor (ҚХР - Қазақстан (Достық - Петропавл) - Ресей - Норвегия) жобасы бойынша ТЖХО және ТЖЫҰ-мен жұмысты жалғастыру. | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККM, ИСМ, ҚТЖ (келісім бойынша)
ККM
ККM, ҚТЖ (келісім бойынша)
ККM, ҚТЖ (келісім бойынша) ККM, ИСМ, ҚТЖ (келісім бойынша) ККM, ҚТЖ (келісім бойынша)
ККM, ҚТЖ (келісім бойынша) | 2005-2008 жылдар |
8 | Шекаралық көлiк өткел- дерiн жаңғырту, оның iшiнде: а) өткізу қабiлеттілі- гiн тәулiгіне 200 көлiк құралы бірлiгiне дейiн арттырып, Бахты өткізу пунктiн қайта жаңарту; б) мемлекеттік шекара арқылы өткізудiң шекаралық пункттерiн (Достық станциясы, Бахты және басқалар) жылжымалы құрамды және контейнерлерді ашпай тексеруге арналған кешендермен жабдықтау; в) "Ақтөберентген" АҚ-ның жылжымалы құ- рамды және контейнер- лердi ашпай тексеруге арналған отандық жаб- дықты жасау және беру жөніндегі ұсыныстарын қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қаржыминi, ККМ, АШМ, ДСМ, облыс әкімдік- тері, ҰҚК (келісім бойынша), ҚазАТО (келісім бойынша), "NELTI" қоры (келісім бойынша) Қаржыминi, ККМ, ҰҚК (келісім бойынша) Қаржыминi, ККМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2006-2007 жылдар 2005-2006 жылдар 2005 жылғы 3-тоқсан |
9 | ҚТЖ мен Қаржыминi КБК- ның ақпараттық жүйеле- рiнiң дерекқорларына коммерциялық қол жеткізуге жағдай жасау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | Қаржыминi, ККМ, ҚТЖ (келісім бойынша), ҚазАТО (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
10 | ҚТЖ-ның ақпараттық ресурстарын кеңейту мақсатында ақпараттық жүйелер жөніндегi ТЖЫҰ-ның және ТЖОК-тың ic-шараларын орындауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ҚТЖ (келісім бойынша), ККМ | 2005-2006 жылдар |
11 | Тасымалдар серпiнi мен қауiпсіздiгiнiң монито- рингі үшiн көлiк дерек- қоры бар ақпараттық талдау жүйесiн құру жөніндегі жұмысты жалғастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ЭБЖМ | 2005-2007 жылдар |
12 | Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру туралы үкiметаралық, оның iшiнде Австриямен, Бельгиямен, Румыниямен, Ұлыбританиямен, Норве- гиямен, Словениямен екi жақты шарттар жасасу жөніндегі жұмысты жалғастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2005-2006 жылдар |
13 | Қазақстанның халықара- лық конвенциялар мен келісімдерге қосылуы жөніндегі жұмысты жандандыру, оның iшiнде: а) Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн сақ- тандыру жөніндегі халы- қаралық келісімге (Әм- бебап шарт), (Жасыл карта) Қазақстанның қосылуы жөнiнде шаралар қабылдау; б) коммерциялық мақсат- та пайдаланылатын жол тасымалдау құралдарын уақытша әкелуге қатыс- ты Кеден конвенциясына (Карнет де Пассаж) Қазақстанның қосылуы жөніндегі мәселенi шешу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, Қаржымині, ҚҚА | 2005-2006 жылдар |
14 | ҚР ККМ мен РФ КM ара- сындағы "Композитор" үлгісіндегі РО-РО ре- сейлiк еркiн жүзетiн кемелердiң Каспий те- ңізiнде Ресей порттары мен Қазақстан порттары арасында жүзу шарттары туралы келісім жобасын дайындау жөніндегі жұмысты жалғастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, АХТСП (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
15 | TMPA-мен бірлесiп, ДСҰ- ға кiруге байланысты республикаiшiлiк және экспорт-импорттық тасымалдар тарифтерiн бірiздендiру жөніндегі ұсыныстарды енгізуді пысықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ККМ, ИСМ, ЭБЖМ | 2006 жылғы 2-3- тоқсан |
16 | TMPA-мен бірлесiп, контейнерлер тасымалын ынталандыратын тарифтерді белгiлеу жөнiнде шаралар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ККМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
17 | Мемлекеттік стандарт- тарды халықаралық та- лаптармен үйлестіру жөнiнде, оның iшiнде қолданыстағы мемлекет- тік стандарттарды ыдыс, жүк орамасы және кон- тейнерлер есiктерiнiң көлемдiк өлшемдерiн сәйкес келтiру бөлi- гiнде өзгерту жөнiнде жұмыстар жүргізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ИСМ | 2005-2008 жылдар |
18 | Салық заңнамасын өз- герту жөнiндегі ұсыныс- тарды белгіленген тәр- тiппен жинауды, жинақ- тауды және енгізудi қамтамасыз ету, оның iшiнде мыналар бойынша: а) "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiн- детті төлемдер туралы" Қазақстан Республика- сының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгі- ленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлар- дың тiзбесiн қалыптас- тыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Рес- публикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыз- дағы № 269 қаулысымен бекітілген импорттала- тын жабдықтардың тiз- бесiне Қазақстан аума- ғында шығарылмайтын арнайы терминалдық жаб- дық пен контейнерлердi енгізу; б) көлiк-коммуникация кешенiнiң негiзгi құ- ралдарын жаңарту үшiн қолайлы жағдай жасау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ЭБЖМ | 2005 жылғы 4-тоқсан |
19 | Қолданылу мерзiмi 30 күн қосымша жоспар бөлудi көздей отырып, Жүктердi тасымалдау ережесіне тасымалдарды жоспарлау бөлiгiнде өзгерістер енгізу | Қазақстан Республи- касы Көлiк және ком- муникация министрінің бұйрығы | ККМ, ҚТЖ (келісiм бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
20 | Бақылауды және МТЖ қызметiне кемсiтушi- лiксіз қол жеткізу ережесін шүбәсіз орын- дауды қамтамасыз ету және монополистердiң кластерге қатысушылар- мен өзара қарым-қаты- настарында адал бәсе- келестiк қағидаттарын сақтау, сондай-ақ уә- кiлетті органның қаты- суымен өзара талаптарды қарау тәртібін сақтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚТЖ (келісiм бойынша), ТМРА, ИСМ | Ұдайы |
21 | Инфрақұрылымдық жоба- ларға және көлiк-логис- тикалық орталықтарға қаржы ресурстарын (ин- вестициялар, кредиттер, лизинг, венчурлық капитал және басқалар сияқты) тарту тетiк- терi бойынша ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қаржыминi, ЭБЖМ, ИСМ, ДИ (келісім бойынша), ККМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
22 | "Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақыт- ша әкелiнетін және ке- дендiк баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" (Қазақ- стан Республикасы Үкi- метінiң 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 742 қаулы- сымен енгізiлген өз- гертулермен) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi № 668 қаулысына Қазақ- стан Республикасына/нан доңғалақ жұптарын және ҚХР тиесiлi арбашаларды және Қазақстан Респу- бликасы шегінен Ресей Федерациясына жөндеу үшiн әкетiлетiн арнайы жылжымалы құрамды әкелу/әкету бөлiгiнде толықтырулар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысының жобасы | Қаржыминi, ИСМ, ККМ, ҚТЖ (келісім бойынша) | 2005-2006 жылдар |
23 | Кеден рәсiмдерiн және ақпараттандыруды оңай- лату жөнiнде жұмыс жүргізу, оның ішінде: а) жол ведомосiн жет- кiзудi бақылау құжаты ретiнде пайдалану практикасын кеңейту; б) электронды пломбаны пайдалануды кеңейту; в) кедендiк алып жүруді нақты уақыт режимiнде ақпараттық қамтамасыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қаржыминi, ККМ, ҚТЖ (келісім бойынша) | 2005-2006 жылдар |
24 | Көлiк-логистикалық қызметтер саласындағы мамандықтар бойынша кәсiптiк оқу мамандық- тарының жiктеуiштерiне өзгерістер енгізу жө- нiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, БҒМ | 2005-2006 жылдар |
25 | "Көлiктік логистика" пәнi бойынша көлiк саласының мамандары үшiн біліктіліктi жоғарылату бағдарла- масын әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ККМ, БҒМ | 2005 жылғы 4-тоқсан |
26 | Көлiк-коммуникация саласының техникалық және қызмет көрсету персоналы кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңiраралық орталықтар құру жөнiнде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | БҒМ, ККМ, облыс әкімдіктері | 2005-2007 жылдар |
27 | Жетекшi халықаралық мамандарды, ұйымдарды, институттарды тарту арқылы семинарлар, конференциялар және басқа да сол сияқты iс-шаралар өткізу практикасын кеңейту | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, облыс әкімдіктері | Ұдайы |
28 | ККК мамандарын шетел- дерде ақпараттық жүйе- лер, технологиялар, логистика, басқару, қаржы мамандықтары бойынша қайта даярлау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ККМ, БҒМ | 2006-2008 жылдар |
29 | Теңіз және өзен көлiгiнiң тренажерлық орталықтарын құру мәселесiн пысықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ККМ | 2006 жылғы 1-2- тоқсан |
30 | Көлiк-логистикалық орталықтарды құру және дамыту жөнiнде (оның iшiнде: қызметтердiң үлгісiн, құрылымын, түрлерiн және стандар- ттарын, қойма үй-жай- ларын жарақтандыруды айқындау жөнiнде) әдiстемелiк ұсыным- дарды әзiрлеу | Қазақстан Республи- касы Көлік және ком- муникация мини- стрінің бұйрығы | ККМ, ҚазТЖҒЗИ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
31 | Қазақстандық кластер- лiк бастамаға сәйкес логистикалық орталық- тарды салу мен кеңей- туге жер учаскелерiн бөлу мүмкiндiгiн көздеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Облыс әкімдік- тері, ККМ | Ұдайы |
32 | "Ықпалдастырылған ло- гистикалық кешендер орталықтары және Қазақ- стан Республикасында контейнерлiк тасымал- дарды дамыту жөніндегі iс-шаралардың марке- тингтiң жоспары" жоба- сының ТЭН-iн әзiрлеуге Жапония Үкіметінiң техникалық көмегiн тарту бойынша жұмысты жалғастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ЭБЖМ | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
33 | Зерттеулер жүргізу және "Кеденкөлiксервис" АҚ "Қазкөлiксервис" АҚ "Астана-Келісім-шарт" АҚ терминалдары негі- зiнде логистикалық ор- талықтар құру мәселе- сiн пысықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚТЖ (келісім бойынша) | 2005-2008 жылдар |
34 | Тұрақты жұмыс iстейтін бірлескен Көлiк-логис- тикалық қызметтер клас- терiн дамыту жөнiндегі үйлестiру кеңесiн құру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МТЗО, ИСМ, ККМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
35 | Жылжымалы құрамды жа- ңартуға және жаңғыртуға жеке инвестициялар тарту жөнiндегі жұмысты жалғастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚазАТО (келісім бойынша), ҚТЖ (келісім бойынша) | 2005-2006 жылдар |
2. «Алматы қаласында Көлiк-логистикалық орталық құру» пилоттық жобасы | ||||
36 | Қазiргi заманғы есепке алудың автоматтанды- рылған жүйесi мен ақ- параттық-логистикалық қамтамасыз етудi құра отырып, қолданыстағы контейнерлiк терминал негізiнде көлiк-логис- тикалық орталықты ұйымдастыру мәселесiн пысықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚДБ (келісім бойынша), ҚазТЖҒЗИ (келісім бойынша), Алматы қаласы әкiмдiгі, Қаржымині, ИСМ, ҚТЖ (келісім бойынша), "Астана- Келісім- шарт" АҚ (келісім бойынша) | 2005-2007 жылдар |
37 | "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы- ның Заңын іске асырудың кейбір мәселелері тура- лы" Қазақстан Республи- касы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген инвестициялық преферен- циялар берілетін қыз- меттің басым түрлерінің тізбесіне "Көліктік логистика" бөлімін енгізу мүмкіндігін қарастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ИСМ, ККМ | 2005 жылғы 4-тоқсан |
38 | Көлiк-логистикалық ор- талықты салу жөнiндегі пилоттық жобаны iске асыру үшiн Алматы қа- ласының Түркісiб ауда- нындағы жер учаскесiн мақсатты бөлудi көздеу | Алматы қаласы Үкіметіне ұсыныстар | Алматы қаласы әкімдігі, ККМ | 2005 жылғы 4-тоқсан |
3. «NELTI» Жаңа Еуразиялық көлiк бастамасы» пилоттық жобасы | ||||
39 | Пекин қаласынан Берлин қаласына автокөлiкпен жүктердi тасымалдаудың және ИДБ грантын тарта отырып, Бахты өткелiн- де (құрғақ порт) логис- тикалық орталықты ұйым- дастырудың техникалық- экономикалық негізде- месiн әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚазАТО (келісім бойынша), ЭБЖМ, ИСМ | 2005 жылғы 3-тоқсан |
40 | Қытай мен ресей тарап- тарымен Пекин - Берлин (NELTI) "жасыл" дәлi- зiн ұйымдастыру мәсе- лелерiн пысықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
41 | "Жасыл" дәлiз жасау жөніндегі iс-шараларды қаржыландыруды ұйым- дастыру үшiн NELTI венчурлiк қорын құру | ККМ-ге ақпарат | ҚазАТО (келісім бойынша), ҰИҚ (келісім бойынша), РФ ХАТҚ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
42 | Пекин - Берлин пилоттық автокеруенiн ұйымдастыру (NELTI) | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚазАТО (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-тоқсан |
43 | Бахты көлiк-логистика- лық орталығы үшiн тер- минал салу жөніндегі ұсынысты қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, "NELTI" қоры (келісім бойынша), ҚДБ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-тоқсан |
44 | Қазақстан Республикасында ершікті тартқыштарды, жартылай тіркемелер мен рефрижераторларды жинақтап шығаруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ИСМ, ҚДБ (келісім бойынша) | 2006 жылғы 1-2- тоқсан |
45 | Қазақстанның халықара- лық автомобиль тасымал- даушылары үшiн көлiк құралдарының мақсатты лизингiн ұйымдастыру жөніндегі ұсынысты қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ҚДБ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
46 | АДБ грантын тарта отырып, халықаралық автотасымалдаушыларды даярлау орталығын жабдықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ЭБЖМ, ҚазАТО (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
47 | АДБ грантын тарта отырып халықаралық тасымалдар үшiн сынақ зертханасын және көлiк құралдарын сертификат- тау жөніндегі органды белгіленген тәртiппен құру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, ЭБЖМ, ИСМ, ҚазАТО (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4-тоқсан |
48 | ККМ-мен келісім бойын- ша қазақстандық тасы- малдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беру функциясын ҚазАТО-ға беру мәселесiн қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ККМ, Қаржымині, ҚазАТО (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-4- тоқсан |
4. Перспективалық пилоттық жобалар | ||||
«Достық» станциясында көлiк-логистикалық орталық құру» пилоттық жобасы | ||||
49 | Көлiк-логистикалық орталыққа қатысушылар- дың құрамын және заңды мәртебесiн анықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККM, ҚТЖ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-тоқсан |
50 | Көлiк-логистикалық орталықтың дәл орнала- суы мен алаңын анықтау және жер учаскесiн бөлу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККM, облыс әкімдіктері | 2005 жылғы 3-тоқсан |
«Ақтау портында көлiк-логистикалық орталық құру» пилоттық жобасы | ||||
51 | Көлік-логистикалық орталыққа қатысушылар- дың құрамын, заңды мәртебесiн айқындау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, АХТСП (келісім бойынша), ҚТЖ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 3-тоқсан |
52 | Көлiк-логистикалық ор- талықты дәл орналасуы мен алаңын анықтау және жер учаскесiн бөлу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ККМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2005 жылғы 3-тоқсан |
53 | "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы субъектiлерiне көлiк-логистикалық ор- талықты енгізу жөнiнде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі, ККМ | 2006 жылғы 1-2- тоқсан |