Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 572 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы
№ 633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 572 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 26, 327-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Көліктік логистика» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда:

кестеде реттік нөмірі 44-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында ершікті тартқыштарды, жартылай тіркемелер мен рефрижераторларды жинақтап шығаруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарау».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку