(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 ЖЫЛҒЫ 9 НАУРЫЗДАҒЫ № 217 ҚАУЛЫСЫ
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 Қаулысы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнің осы қаулыға түсініктемесін қара
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекітілген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркiн және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімдi орындау үшін, Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 263, 264, 266, 269, 270, 273, 275, 290 және 317-баптарына, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 278-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдерi;
2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға өздерiнiң Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкелуге рұқсат етiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi;
3) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем;
4) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткізуiнiң салмақтық және құндық нормалары;
Редакция документа
Демо – версия документа