Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысына түсініктеме

"Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы өткізуiнiң кейбір мәселелері туралы”
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысына түсініктеме

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі Кеден және Салық кодекстерiнiң нормаларын орындау үшін Үкiметтiң "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiнің кейбір мәселелерi" туралы 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысын (бұдан әрі - Қаулы) бекiтті.

Қаулы қабылданғанға дейiн жеке тұлғалардың тауарларды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 қаулысымен бекітілген жеке тұлғалардың тауарларды өткізу шарттары және нормалармен қатар кедендiк құннан 2 пайызға тең, бірақ, 0,02-2 еуро/кг-дан кем емес әкелінетiн тауарларға арналған кеден баждарының бірыңғай ставкасы бекітілген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткізу ережесiмен регламенттелген. Бұл ретте 15 пайыз ҚҚС-ты жеке тұлға жеке төледi.

Қаулы жеке тұлғалардың республиканың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуiнiң белгiлi бір шарттарын бекітуді көздейдi, атап айтқанда:

1) тауарлардың мақсатқа арналуын айқындаудың өлшемдерi;

2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге/ уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi;

3) оңайлатылған тәртiппен әкелетiн тауарларға жиынтық кедендiк төлем;

4) жеңiлдетiлген тәртіп көзделмеген тауарлардың салмақтық және құндық нормалары;

5) тауарларды жеңiлдетiлген тәртіппен өткізуiнің шарттары мен нормалары;

6) акциздер салуға жатпайтын акцизделетiн тауарларды импорттау нормалары;

7) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерiмен өткізудiң шарттары мен нормалары.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку