(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.12.99 Ж. № 1903 ҚАУЛЫСЫ
Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына
мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254; 12.07.02 ж. № 770;
21.05.03 ж. № 473; 05.03.04 ж. № 286; 05.11.04 ж. № 1154; 2005.13.05 № 453
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 13 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 920 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 213-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1903 қаулысымен
бекітілген
Білім беру ұйымдарында оқитындардың
жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды
тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы
Нұсқаулық
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1154 қаулысымен тақырыбы және нұсқаулықтың мәтіні өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. № 1254 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
Редакция документа
Демо – версия документа