(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.12.99 Ж. № 1903 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына
мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254; 12.07.02 ж. N 770;
21.05.03 ж. N 473; 05.03.04 ж. N 286 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 920 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 213-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1903 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың
жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды
тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртiбi туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
ҚР Үкіметінің 12.08.00 ж. N 1254 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
2. алынып тасталды
Редакция документа
Демо – версия документа