Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 01 НАУРЫЗДАҒЫ № 256 ҚАУЛЫСЫ

Индустриялық-инновациялық саясаттың бірiншi кезектегi мiндеттерiн iске
асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 914 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2004 ж. 03 желтоқсандағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Индустриялық-инновациялық саясатты нысаналы iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық саясаттың бірiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 10-күнінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулысымен

бекітілген

Индустриялық-инновациялық саясаттың бірінші кезектегі міндеттерін

іске асыру жөніндегі 2004 жылға арналған іс-қимыл жоспары

ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 914 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр. ред. қара)

    
 P/c  
  N   
      Іс-шара       
                    
  Аяқталу  
  нысаны   
  Орындауға    
  жауаптылар   
  Орындау  
  мерзімі  

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку