Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712_1 және 2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1257 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712_1 және 2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1257 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

"6. Мемлекеттік органдардың жеке секторлармен өзара іс-қимыл тетіктері" деген бөлімде:

реттік нөмірі 6.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

"6.4  Кәсіпкерлікті    Қазақстан         ИСМ,           2004

      дамыту жөніндегі Республикасының   облыстардың,   жылғы

      ақпараттық-      Үкіметіне ақпарат Астана және    ІV тоқсан";

      консалтингтік,                     Алматы     

      оқыту қызметтерін                  қалаларының

      көрсетуге                          әкімдері

      жәрдемдесу

 

2) "Индустриялық-инновациялық саясаттың бірінші кезектегі міндеттерін іске асыру жөніндегі 2004 жылға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 136-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Индустриялық-инновациялық саясаттың бірінші кезектегі міндеттерін іске асыру жөніндегі 2004 жылға арналған іс-қимыл жоспарында:

"2. Институционалдық қамтамасыз ету" деген бөлімде:

"2.2. Сервистік даму институттары ("Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ, "Қазақстанның келісім-шарт агенттігі" ЖАҚ, "Республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ) деген бөлімшеде:

"Республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ" деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 2.2.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

"2.2.5.  Кәсіпкерлікті    Қазақстан         ИСМ,        Желтоқсан".

         дамыту жөніндегі Республикасының   облыстардың,

         ақпараттық-      Үкіметіне ақпарат Астана және

         консалтингтік,                     Алматы

         оқыту                              қалаларының

         қызметтерін                        әкімдері

         көрсетуге

         жәрдемдесу

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку