(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2002 Ж. 2 СӘУРДЕГІ № 839 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері
жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002
жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы
(ҚР Президентінің 24.09.02 ж. № 951; 27.02.03 ж. № 1032;
26.03.04 № 1320 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 15 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
№ 839 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа