Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі) (ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 377-382 қосымшалар) (2005.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 377-382 қосымшалар)

(2005.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналардың:

377, 378, 379, 380, 381, 382-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігінің 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

377-қосымша

 

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкiлеттi

органның қызметiн қамтамасыз ету"

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 272200 мың теңге (екі жүз жетпiс екi миллион екі жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 cәуipдeгi Қазақстан Республикасының бюджет кодексi; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" № 453-1 Заңының 1-30-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтарындағы № 1282 "Санаттар бойынша әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi лауазымдар Тiзiлiмiн бекіту туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң мемлекеттік бюджет және смета бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі мәселелерi" № 280 жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесiн одан әрi күшейту шаралары туралы" № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 11 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" № 1156 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы" № 1706 Қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жүктелген iс-қимылдардың барынша тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi орталық аппаратының және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Конкурс арқылы мемлекеттік қызметке біркелкi қол жеткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшін" жолдауы.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 ; 2005.21.11. № 1141 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ-|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   001       Мемлекеттік
              қызмет
              саласындағы
              уәкiлеттi
              органның
              қызметiн
              қамтамасыз
              ету

2       001   Орталық      Бекiтiлген штат        2005   Қазақстан
              органның     лимитiне сәйкес        жыл    Республикасы
              аппараты     Қазақстан Респуб-      аралы- мемлекеттік

                           ликасы Мемлекеттік      ғында  қызмет істері
                           қызмет iстерi                 жөніндегі

                           агенттігiнiң                  агенттігі
                           саны 49 бірлiк,

                           оның iшiнде           
                           тәртiптiк кеңес-

                           термен жұмыс жөніндегі 

                           бөлiмдi                 
                           ұстауға штат саны                  
                           5 бірлiк орталық 

                           аппаратын,      
                           1 ксерокс және

                           2 факс ұстау.

3       002   Аумақтық     Бекiтiлген штат     2005   Қазақстан
              органдардың  саны лимитiне       жыл    Республикасы
              аппараттары  сәйкес, 204 бірлiк  аралы- мемлекеттік
                           көлемiнде           ғында  қызмет істері
                           Қазақстан Республи-        жөніндегі
                           касының мемлекеттік        агенттігі
                           қызмет iстерi
                           жөніндегі агентті-
                           гінiң аумақтық
                           органдарының аппа-
                           ратын ұстау;

                          , оның iшiнде штат саны 

                           84 бірлiк Тәртiптiк кеңес 

                           хатшылықтарының 

                           қызметiн қамтамасыз 

                           ету 

4       007   Мемлекеттік  Білiктілiктi артты- 2005   Қазақстан
              қызметші-    рудың бекітілген    жыл    Республикасы
              лердiң       жоспарына сәйкес    аралы- мемлекеттік
              білiктілi-   Қазақстан Республи- ғында  қызмет істері
              гін арттыру  касының мемлекеттік        жөніндегі
                           қызмет iстерi              агенттігі
                           жөніндегі агенттiк
                           120 қызметкерлерi-
                           нiң білiктiлiгiн
                           арттырудағы
                           қызметтердi игеру,
                           оның iшiнде
                           мемлекеттік тiлдi
                           оқыту

5       009   Мемлекеттік  Орталық аппарат     2005   Қазақстан
              органдарды   және аумақтық       жыл    Республикасы
              материал-    органдарға 35 офис  аралы- мемлекеттік
              дық-техни-   жиһаздары комплек-  ғында  қызмет істері
              калық        тiлерiн сатып              жөніндегі
              жарақтанды-  алу.                       агенттігі
              ру           Тәртіптік кеңес

                           хатшылықтары 

                           үшiн: офистік жиһаз-

                           16 жиынтық, көшiру 

                           аппараттары - 16 бірлiк, 

                           факсимильдi аппараттар -

                           16 бірлiк, автомашиналар -

                           16 бірлiк сатып алу.

6       017   Ақпараттық   32 дана жұмыс       2005   Қазақстан
              жүйелердiң   станцияларын сатып  жыл    Республикасы
              жұмыс        алу.                аралы- мемлекеттік
              iстеуiн      Тәртіптік кеңес     ғында  қызмет істері
              қамтамасыз   хатшылықтары үшін          жөніндегі
              ету және     компьютерлер-105           агенттігі
              мемлекеттік  бірлік,принтерлер-
              органдарды   16 бірлік, шығыс
              ақпараттық-  материалдарын;
              техникалық   техникалық қызмет
              қамтамасыз   көрсету жөніндегі
              ету          қызметтер; есептеу

                           техникасы мен 

                           бағдарламашылар 

                           қызметтерiн, 

                           телекоммуника-

                           циялық қызметтер 

                           сатып алу.

____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты тиiмдi жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтiң материалдық-техникалық базасын нығайту, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiптiк деңгейiн және мемлекеттік қызметтiң сапасын жоғарылату.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

378-қосымша

 

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын ақпараттандыру

және тестiлеу жүйесiнiң жұмыс iстеуi"

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 70560 мың теңге (жетпiс миллион бес жүз алпыс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджет кодексi; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 1-30-бабы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңы; "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi аттестациялаудың ережелерi" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 21 қаңтарындағы № 327 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгiнiң Ақпарат және тестiлеу мемлекеттік мекемесiнiң мәселелерi" 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 50 Қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың ақпараттық жүйесiн құру және iске қосу, мемлекеттік қызметшiлерге тестілеудi және аттестациялауды өткізу, техникалық қолдау жасау мен жергiлiктi инфрақұрылымдарды сүйемелдеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердiң құрамы мен кадрлық резервi жөніндегі деректердi құру және ұдайы жаңартып отыру, мемлекеттік қызметшiлердi тестiлеудi және аттестациялауды қамтамасыз ету ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз ету, ақпараттық Web-сайттың қорғалуын назарда ұстау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ-|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   002       Республика-  Tecтiлеу орталығын  2005   Қазақстан
              ның мемле-   ұстау, штаттағы     жыл    Республикасы
              кеттiк       және штаттан тыс    аралы- мемлекеттік
              қызмет       қызметкерлердiң     ғында  қызмет істері
              кадрларын    еңбек ақысын               жөніндегі
              ақпараттан-  төлеу, аумақтық            агенттігі,
              дыру және    орталықтарды               Ақпарат және
              тестiлеу     материалдық және           тестілеу
              жүйесiнiң    техникалық жабдық-         орталығы.
              жұмыс        тау, телекоммуни-
              істеуi       кациялық қызмет-
                           тердi төлеу, ИСУК
                           бағдарламасын сүйе-
                           мелдеуге байланысты
                           көрсетiлетiн
                           қызметтердi сатып
                           алу, Интернет
                           жүйесiне кiрудiң
                           қызметiн төлеу,
                           есептеу техникасына
                           техникалық қызмет
                           көрсету 186 дана,
                           34 принтер, 51-шi
                           лицензиялық бағдар-
                           ламалық қамтамасыз
                           eтудi (криптогра-
                           фия) және 1.С.
                           "Бухгалтерия"
                           бағдарламасын сатып
                           алу.
____________________________________________________________________

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет iстері жөніндегі агенттiгiнiң iс-қимылын ақпараттық және техникалық қолдау, мемлекеттік қызметшiлердiң тестілеуден және аттестациялаудан өтуiн қамтамасыз ету, электронды үкiметтің бір құрамы ретiнде мемлекеттік органдардың кадрлық қызметiн бірыңғай ақпараттық ортаға бірiктiру.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

379-қосымша

 

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет

саласындағы қолданбалы ғылыми-зерттеулер"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 3 , 5-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгінiң мәселелерi" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтi өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Мемлекеттің қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы "Мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеу жүйесi туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" жолдауы, Астана қаласы, 19 наурыз, 2004 жыл.

Укажите название закладки

Создать новую папку