(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 24 МАУСЫМДАҒЫ № 688 ҚАУЛЫСЫ
"Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей"
кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай"
кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу"
кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен"
кеденi" мемлекеттік мекемелерiн құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы № 688 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357; 19.11.03 ж. № 1157 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 194 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң аумақтық органдарының штат саны лимитiнiң шектерiнде "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
ҚР Үкіметінің 19.11.03 ж. № 1157 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi туралы ереже;
4) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Өскемен" кеденi туралы ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi:
1) бір ай мерзімде кедендерді әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа