(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 24 МАУСЫМДАҒЫ № 688 ҚАУЛЫСЫ
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден
комитетiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң
"Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс
министрлігі Кеден комитетiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк
мекемелерiн құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы N 688 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 14 сәуірдегі N 357 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi аумақтық органдарының штат саны лимитiнiң шектерiнде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi туралы ереже;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Өскемен" кеденi туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi:
1) бір ай мерзімде кедендерді әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Редакция документа
Демо – версия документа