(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 11 СӘУІРДЕГІ № 487 ҚАУЛЫСЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 11 сәуірдегі N 487 қаулысы (ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж.
N 17; 15.05.03 ж. N 461; 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 6 қыркүйектегі N 936 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы ред. қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың басшылары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 11 сәуірдегі
N 487 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. N 17 қаулысымен жоспар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.05.03 ж. N 461 қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен жоспар өзгертілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған
Редакция документа
Демо – версия документа