(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.06.04 Ж. № 715 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 маусымдағы N 715 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Мүдделi министрлiктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi:
Iс-шаралар жоспарының тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Іс-шаралар жоспарын iске асыру барысы туралы талдамалы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 маусымдағы
N 715 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспары
Демо – версия документа