Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1082 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы
№ 715 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1082 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарында:

"1. Ұйымдастыру iс-шаралары" деген бөлiмде:

реттiк нөмiрi 1.4-жолда:

"Ic-шаралар" деген бағандағы ", инженерлiк желiлер мен коммуникацияларды" деген сөздер алынып тасталсын;

"Қаржыландыру көзi" деген бағандағы "Жергiлiктi бюджет" деген сөздер алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 1.5-жолдағы, "Қаржыландыру көзi" деген бағандағы "Жергiлiктi бюджет" деген сөздер алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 1.13-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1.15-жолмен толықтырылсын:

     "1.15. Инженерлiк      Жоба-   Облыс-      Тұрақты  Тапсы-   Жергi-
            желiлер мен     лау-    тардың,              рысшының лiктi
            коммуникация-   смета-  Астана               қаражаты бюджет
            ларды салуға    лық     және
            қажеттi жоба-   құжат-  Алматы
            лау-сметалық    тама    қалала-
            құжаттаманы             рының
            әзiрлеу, са-            әкiмдерi
            раптама жүргiзу
            және бекіту
 

"2. Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру" деген бөлімде:

реттік нөмірі 2.2-жолда:

"Орындау мерзімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"2004 жылғы ІV тоқсан";

реттік нөмірі 2.6-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов













 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку