Ағаш пайдаланудың жеке мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 16 шілдедегі № 785 қаулысы (ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. № 1163 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Ағаш пайдаланудың жеке мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 16 шілдедегі № 785 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. № 1163 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысымен күші жойылды
Ормандарды сақтау, заңсыз кесудi азайту мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. № 1163 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
1. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң, тауарлардың экспорты мен тауарлардың реэкспортының кеден режимдерiне сәйкес қосымшаға орай ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. № 1163 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасында ағаш материалдарын, кесiлген материалдарды және ағаштан жасалған жекелеген бұйымдарды экспорттауға тыйым салу енгiзiлгенi туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн белгiленген тәртiппен хабардар етсiн.
4. "Қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түрiндегi отындық сүректерiн экспорттауға тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 желтоқсандағы № 1571 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 535-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. "Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгізу ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 431 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген өсiп тұрған cүpeк үшiн төлемнiң базалық ставкаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енетiн 5-тармағын қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2002 жылғы 16 шiлдедегi
№ 785 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. № 1163 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
ТМД СЭҚ TH коды | Тауарлардың атауы |
4401 10 000*-нан 4401 30-дан 4403 10 - 4403 20, 4403 91 000 - 4403 99*-дан 4404 4406 4407 10 4407 91 4407 99 4408 10 4408 90 4409 4418 40 000 4418 90 900-ден | Бөренелер, шөркелер түрiндегi, оның iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар түрiнде немесе осындай ұқсас түрлерде сексеуiлден дайындалған отындық сүрек Сексеуiл сүрегiнiң үгiндiсi мен қалдықтары; Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған, қолымен өңделген немесе өңделмеген ағаш материалдары; Бөрене сүрек; жарылған бөрене; ағаштан жасалған ұшталған, бiрақ ұзынынан тілінбеген тiреулер мен қазықтар; тегiстелген, бiрақ қашалмаған, бүгiлмеген немесе басқа тәсiлмен өңделмеген таяқтар, қолшатырлар, құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және ұқсас сүрек; Темір жол немесе трамвай жолдары үшiн ағаш шпалдар; Қылқан ағаштан жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тілінген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары; Емен ағаштан жуандығы 6 мм аспайтын ұзыннан тілінген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген өңделген немесе өңделмеген шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары (Quercus spp.); Жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тілінген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары, басқалары; Қылқан ағаш түрлерiнен жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тілінген, бөлшектеп кесiлген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген сүрек; Жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тілінген, бөлшектеп кесiлген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген сүрек, басқалары; Кескiнделген погонаж түрiндегi (тармақтарымен, саңылауларымен, бiтелген, тегiстелген қырларымен, жарты шеңберлi калевка түрiнде бiрiктiрiлген, үлгiлiк, жұмырланған немесе осыған ұқсас) кез келген жиектен немесе жазықтардан, сүргiленген немесе сүргіленбеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген кесiлген материалдар (еденге паркет төсеуге арналған жұқа тақтайшалар мен фриздарды қоса алғанда, жиналмаған); Бетон құюға арналған қалып; Өзге ағаш конструкциялары: арқалықтар, мәткелер, төбе жабындысының тiректерi |
Документ утратил силу