Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшін төлемді есептеу және бюджетке енгізу ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 сәуірдегі № 431 қаулысы (ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 785; 22.12.03 ж. № 1286; 22.12.03 ж. № 1287; 25.12.03 ж. № 1317; 24.06.04 ж. № 695; 2005.09.02. № 124 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны
үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгізу ережесін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыруларды
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 сәуірдегі № 431 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 785; 22.12.03 ж. № 1286;

22.12.03 ж. № 1287; 25.12.03 ж. № 1317; 24.06.04 ж. № 695;

2005.09.02. № 124 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 950 Қаулысымен 2008.01.01. бастап күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкалары;

2) Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгізу ережесi;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 15 сәуірдегі

№ 431 қаулысымен

бекітілген

Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкалары

1. Өсіп тұрған сүрек үшін төлемнің базалық ставкалары, осы ставкалардың 2-тармағында көзделген коэффициенттерді ескере отырып, тығыз орналасқан 1 текше метр үшін төлем ставкаларының мөлшерімен (бұдан әрі ставка) белгіленеді.

Тығыз орналасқан 1 текше метр үшін төлем

ставкаларының мөлшері (теңге)

 N 
р/с
   
   
   
   
   
   
    Орман ағашының         
        тұқымы             
                           
                           
                           
                           
                           
                           
  Жоғарғы бөлігіндегі дің         
 кесіндісінің диаметріне қарай    
 қабықсыз кәделі сүрек            
 Отындық 
  сүрек  
(қабықты)
         
         
         
         
         
  ірі      
(25 см және
 жоғары)   
           
  орташа    
(13-тен 24  
см-ге дейін)
            
  ұсақ   
(3-тен 12
  см-ге  
  дейін) 
 1 
          2                
     3     
     4      
     5   
    6    
1    Қарағай                   
2    Шренке шыршасы            
3    Сібір шыршасы, май қарағай
4    Самырсын                  
5    Балқарағай                
6    Ағаш тектес арша          
7    Емен, шаған               
8    Жабысқақ қара қандығаш,   
     үйеңкі, шегіршін, жөке    
9    Сексеуіл                  
10   Қайың                     
11   Көк терек, ағаш тектес    
     тал, терек                
12   Грек жаңғағы,             
     шекiлдеуiк жаңғақ         
13   Өрiк, ақ қараған, алша,   
     долана, шие, жиде, шетен, 
     алхоры, мойыл, тұт ағашы, 
     алма ағашы, өзге де ағаш  
     тұқымдастар               
14   Ағаш тектес арша,         
     самырсын                  
15   Сары қараған, жыңғыл,     
     бұта тектес талдар,       
     шырғанақ, жүзгiн, шеңгел, 
     өзге де бұталар           
1220       
1590       
1100       
 980       
2200       
1470       
2200       
 490       
           
           
 550       
 430       
           
           
2670       
           
           
           
           
1560       
           
           
           
           
           
           
   870      
  1130      
   780      
   700      
  1570      
  1040      
  1570      
   350      
            
            
   390      
   300      
            
            
  1910      
            
            
            
            
  1110      
            
            
            
            
            
            
 430     
 560     
 390     
 340     
 770     
 520     
 770     
 170     
         
         
 190     
 150     
         
         
 940     
         
         
         
         
 550     
         
 280     
         
         
         
 160     
 170     
 220     
 130     
 120     
 190     
 220     
 340     
 110     
         
 500     
 130     
  90     
         
         
 290     
         
         
         
         
 190     
         
 150     
         
         
         
 100     

ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 785 қаулысымен 2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталды

2. Ставкаларға мынадай көтерiңкi және азайту коэффициенттерi қолданылады:

1) кеспеағаштардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:

10 шақырымға дейiн 1,30;

10,1 - 25 шақырымға дейiн 1,20;

25,1 - 40 шақырымға дейiн 1,00;

40,1 - 60 шақырымға дейiн 0,75;

60,1 - 80 шақырымға дейiн 0,55;

80,1 - 100 шақырымға дейiн 0,40;

100 шақырымнан астам 0,30.

Кеспеағаштың жалпыға ортақ пайдаланатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш орталығынан жолға дейiнгi ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдар бойынша анықталады және жергiлiктi жердiң бедерiне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзетiледi:

жазық бедер 1,1;

жоталы бедер немесе батпақты жер 1,25;

таулы бедер 1,5;

2) жаппай емес басты мақсатта пайдалануға кесудi жүргiзген кезде - 0,8 коэффициент;

3) сүректi тау жоталарындағы 20 градустан жоғары ылдидан босату кезiнде - 0,7 коэффициент;

4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген коэффициенттер алдыңғы коэффициенттi қолданғаннан кейiн алынған ставкадан әрқайсысы есептеп шығарылады;

5) ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 785 қаулысымен алынып тасталды

3. Өсiп тұрған сүректi босату кезiнде қалған кесiнділердi қайта өңдеу үшiн немесе отынға пайдалану үшiн ұшар басынан 40 пайыз мөлшерiнде, ал қалған бұтақшалар үшiн тиiстi ағаш тұқымының отындық сүрегi ставкасынан 20 пайыз мөлшерiнде жойылу төлемi алынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 15 сәуірдегі

№ 431 қаулысымен

бекітілген

Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және

бюджетке енгізу ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi: сүректi, шайырды, қосалқы орман материалдарын, ағаш шырындарын дайындау, орманды жанама пайдалану, орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсаттарында, аңшылық шаруашылығының мұқтаждарына пайдаланғаны үшiн төлемдi мемлекеттік бюджетке есептеу тәртібі мен енгізу мерзiмдерiн айқындайды.

2. Орманды пайдалану бiр жылдан елу жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмде және бiр жылға дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмде орманды пайдалану тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерлерiн орман иеленушiлерi орманды пайдаланудың көлемi мен өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң белгiленген базалық ставкаларын және орманды пайдаланудың өзге де түрлерi үшiн төлем ставкаларын ескере отырып, өсiп тұрған сүректi босату кезiнде кеспеағашты материалдық-ақшалай бағалау мен орман пайдаланудың өзге де түрлерi үшiн есеп айырысу негiзiнде айқындайды.

Төлемнiң мөлшерлерi заңнамада белгiленген тәртiппен орман иеленушiлер беретiн орманды пайдалануға арналған рұқсат құжаттарында көрсетiледi.

4. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем бюджет кiрiстерi жiктемесiнiң тиiстi кодына енгiзiледi.

2. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу тәртібі

және бюджетке енгізу мерзiмдерi

5. Орманды ұзақ мерзiмде пайдаланған кезде төлемдi бюджетке енгізу орманды пайдалануға арналған шартты мемлекеттік тiркеген күннен бастап орманды пайдаланудың жыл сайынғы көлемiнiң жалпы сомасынан тең үлестермен төленетiн тоқсан сайынғы төлем түрiнде келесi тоқсандағы айдың 15 күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.

6. Сүрек дайындаудан басқа, орманды қысқа мерзiмде пайдаланған кезде төлемдi бюджетке енгізу, оларда төлем құжатының деректемелерiн көрсете отырып, жүргiзiлген ақы төлеу туралы белгi қойылатын рұқсат құжаттарын алғанға дейiн жүргiзiледi.

7. Орманды пайдаланушылар орманды қысқа мерзiмде пайдаланған кезде сүректi дайындағаны үшiн төлемдi:

1) 50 текше метрге дейiнгi көлемде - бiр жолғы төлем түрiнде, бұл ретте ағаш кесу билетiн, өсiп тұрған сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордер беру бюджетке төлем енгiзгенiн растайтын құжатты бергеннен кейiн жүргiзiледi;

2) 50 текше метрден астам көлемде - рұқсат құжаттары қолданылатын барлық мерзiм iшiнде есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей жалпы соманың тепе-тең үлестерiмен төленетiн ай сайынғы төлем түрiнде енгiзедi.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді

8. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем сомаларын төлеу банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не тиiстi органда уәкiлетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен қатаң есеп беру бланкiлерiнiң негiзiнде қолма-қол ақшамен жүргiзiледi.

9. Өсiп тұрған сүректi, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман материалдарын (шамамен саны бойынша немесе алаңы бойынша ескере отырып, сондай-ақ қателердi анықтаған кезде) босатқан кезде дайындалған сүректiң, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман материалдарының жалпы саны ағаш кесу билетiнде немесе өсiп тұрған сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордерде (егер дайындау оларда көрсетiлген орындардың шегiнде жүргiзiлген кезде) көзделген санына (алаңына) сәйкес келмеген жағдайда, орман иеленушiлер орманды пайдаланушылардың қайта есептесу кезiнде белгiленген нақты дайындалған көлем үшiн төлемнiң толық сомасын төлеуiн қамтамасыз етедi.

Бұл жағдайда қосымша есептелген сомалар орманды пайдаланушының төлемнiң кезектi төлеу мерзiмiнде бюджетке енгізуiне жатады.

10. Кезектi мерзiмге ағаш кесуге берiлген ағаштары кесiлмей қалған жерлер, сондай-ақ ағаш кесу басталмаған өткен жылғы кеспеағаштар үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiппен қайталап төлем алу жүргізіледі.

Ағаш кесу басталған және заңнамада белгiленген тәртiппен оның мерзiмiн ұзарту берiлген кеспеағаш үшiн төлем қайталап алынбайды.

11. Орман иеленушiлер Қазақстан Республикасының уәкiлеттi салық органы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жөніндегі уәкiлеттi органымен келісім бойынша тоқсан сайын өздерiнiң тiркелген орны бойынша салық органдарына рұқсат құжаттарын алған тұлғалар мен орманды пайдаланғаны үшiн бюджетке төленуге тиесiлi төлем сомалары жөнiнде мәлiметтер бередi.

12. Орманды пайдаланушылар бюджетке төлем сомасын уақытылы енгiзбегенi үшiн Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен өсiм есептеледi.

13. Салық қызметi органдары орманды пайдаланғаны үшiн төлемнiң дұрыс есептелуi, толық алынуы мен уақытылы бюджетке аударылуы мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 15 сәуірдегі

№ 431 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне

өзгерістер мен толықтырулар

1. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 25.12.03 ж. № 1317 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды

2. "Қазақстан Республикасының Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1235 қаулысына:

20-тармақта:

"Жер салығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне" (Салық кодексiне)" деген сөздермен ауыстырылсын.

ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. № 1286 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды

3. "Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру (қалпына келтiру) мақсаттарында пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 наурыздағы № 274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 13, 130-құжат):

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдаланғаны үшiн төлем Қазақстан Республикасының Орман кодексiне және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес жүзеге асырылады".

ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. № 1287 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды

4. "Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 мамырдағы № 752 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 19, 215-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату Ережелерiнде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:

"Ағаш кесу билетiнде орман пайдаланушының атауы, оның салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен заңды мекен-жайы, орманды пайдаланудың түрi, көлемi мен мерзiмдерi, өсiп тұрған сүрек үшiн төлем сомасы көрсетiледi."; 17-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:

"Белгiленген мерзiмдер өткеннен кейiн тасып әкетiлген сүрек (берiлген мерзiмiн кейiнге қалдыруды ескере отырып), сондай-ақ өз бетiмен кесiлген сүрек орман иеленушiнiң билiгiне түседi және олар заңнамада белгiленген тәртiппен сатады.";

24, 25 және 27-тармақтар алынып тасталсын;

32-тармақтың екiншi абзацында:

"белгiленген тәртiпте санкциялық айып төлеумен" деген сөздер алынып тасталсын;

"немесе саудаласу арқылы сатуды ұйымдастыруға" деген сөздер алынып тасталсын;

35-тармақта:

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

36-тармақ алынып тасталсын;

"Жарна төлемдерiнiң тәртібі мен мерзiмдерi" деген тараудың атауы алынып тасталсын;

77-82, 84-тармақтар алынып тасталсын.

5. "Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған ағаштың сүрегiн дайындау үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 сәуірдегі № 536 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 187-құжат) күшi жойылды деп танылсын.














Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку