Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Жекеше нотариустың мөрі туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 16 Бұйрығы (ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Жекеше нотариустың мөрі туралы
Қазақстан РеспубликасыӘділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 16 Бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 309 бұйрығымен күші жойылды

 

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында

Бұйырамын:

1. Жекеше нотариустың өз мөрінің нобайы мен сипаттамасы бекітілсін (1, 2-қосымшалар).

ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді

2. Аумақтық әділет органдары мен нотариаттық палаталар үстіміздегі жылдың 30 наурызына дейін жекеше нотариустердің Әділет министрлігінің бейнесі бар мөрлерін тегі, аты, әкесінің аты, нотариаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензияның нөмірі мен берілген күні көрсетілген жеке мөрмен ауыстыру жөнінде ұйымдық-техникалық шараларды жүзеге асырсын. Осы мақсатта:

1) жекеше нотариустың өз мөрлерін дайындауға арналған тапсырыс мөрлерді дайындау кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарға бір орталықтан орналастырылсын;

2) жекеше нотариустың мөрін дайындау қоса беріліп отырған нобайға және сипаттамаға сәйкес жүргізілсін;

3) жекеше нотариустерге жаңа мөрлерді беру нөмірленген, бауланған және әділет органдарының немесе нотариаттық палатаның мөрімен бекітілген арнайы ашылған журналған қол қойдыру арқылы жүргізілсін;

4) 1999 жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бейнесі бар жекеше нотариустың мөрлері алынсын және белгіленген тәртіпен жойылсын;

5) жекеше нотариустың мөрлерін ауыстыру мәселесі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку