Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 309 бұйрығы

«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 309 бұйрығы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 269-273 (27347):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Жекеше нотариустың мөрі осы Ережелерге 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекеше нотариус мөрінің эскизіне сәйкес дайындалады.»;

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 16-1 қосымшамен толықтырылсын;

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпанда бекітілген № 16 «Жекеше нотариустың мөрі туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 702 болып тіркелген).

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку