«Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 107 бұйрығы
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 107 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 21 мамырдағы
№ 107 бұйрығына
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
1. «Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 17-03/362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7851 болып тіркелді).
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12902 болып тіркелді) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағы.
Демо – версия документа