«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығы (2024.10.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығы
(2024.10.06. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 18-03/1111 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының
тізбесі
1. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.02.02. № 60 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа