(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ҚАҒ...
Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығы
(2018.07.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.07.03. № 77 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.23.10. № 1005 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.07.03. № 77 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Д. Мыңбай |
КЕЛІСІЛДI
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
А. Жұмағалиев
2012 жылғы 29 маусым
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.07.03. № 77 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 89/1 бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа