Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІНІҢ 2012.29.06 №...

Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың орнатылған тәртіпке сәйкес ресми түрде жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Д. Мыңбай

 

КЕЛІСІЛДI

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрі

А. Жұмағалиев

2012 жылғы 29 маусым

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің

2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1

бұйрығымен бекітілген

 

 

Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку