(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕЙБІР БҰЙРЫҚТАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІ...
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 425 бұйрығы
(2024.21.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 425 бұйрығымен Бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.29.08. № 394-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024.20.08. № 364-НҚ бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа